Түркияда шоколад жеген 23 мектеп оқушысы ауруханаға түсті

0
92

Улануды тудырды деген күдікпен алынған өнімнің үлгілері зертханалық талдауға жіберілді.


Түркияда шоколад жеген 23 мектеп оқушысы ауруханаға түсті

ERNUR.KZ. Түркияның Кютахья қаласында 23 мектеп оқушысы тамақтан улану белгілерімен ауруханаға жеткізілді, деп жазады baq.kz.

Haber Global басылымының хабарлауынша, балаларда шоколад жегеннен кейін жүрек айну және құсу белгілері пайда болған. Барлық зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілді, олардың жағдайы бағалануда.

Улануды тудырды деген күдікпен алынған өнімнің үлгілері зертханалық талдауға жіберілді. Оқиғаның себебі анықталып, тергеу басталды.