Түркияда теракттен кейін күрд сепаратистерінің 35 жақтаушысы ұсталды

0
476


Түркияда теракттен кейін күрд сепаратистерінің 35 жақтаушысы ұсталды

ERNUR.KZ. Анкарадағы терактіден кейін Түркия полициясы тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясының 35 мүшесін ұстады. Олар көшеде лаңкестік жасады деген күдікке ілінді, деп жазады Stan.kz.


Биліктің мәлімдеуінше, күдіктілер наразылық акциясында тұтандырғыш заттар қолдануды жоспарлаған. Ыстамбұл прокуратурасы 44 адамды күдікті деп танып, тергеу аясында күдіктілер ұсталды.




Түркияның ішкі істер министрлігі Анкарадағы терактіге қатысқан ер мен әйелді ұстады. Олар күрдтер сепаратистерінің мүшелері – Роджер Али Орек пен Мин Севжин Алчичек болып шықты.