Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады

0
567

Екі адам қаза тапты.


Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады

ERNUR.KZ. Түркияның батысындағы Денизли провинциясының губернаторы Али Фуат Атик орман өртін сөндіруге қатысқан тікұшақтың Чардак ауылының маңында құлағанын мәлімдеді, деп жазады exk.kz.

Оқиға орнына дереу құтқару топтары жөнелтілді. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, апат салдарынан бес адам жарақаттанып, екі адам қаза тапты.

Түркия ішкі істер министрлігі тікұшақ бортындағы жеті адамның бесеуі Ресей азаматы екенін мәлім етті. Опат болған ресейлік инженер Александр Яковлев пен техник Алексей Волков. Зардап шеккен тағы үш Ресей азаматы жедел жәрдем көлігімен облыстағы ауруханаларға жеткізілді.

Өрт сөндіру тікұшағының Ресейден жалға алынғаны белгілі болды.