Түркияда толассыз жауыннан бірқатар қаланы су басты

0
475

Ауа райының қолайсыздығынан әсіресе Бурса қаласы қатты зардап шекті.


Түркияда толассыз жауыннан бірқатар қаланы су басты

ERNUR.KZ. Түркияда толассыз жауыннан үйлер бүлінді, деп жазады 24.kz.

Ауа райының қолайсыздығынан әсіресе Бурса қаласы қатты зардап шекті. Тасқын су жолдарды шайып, үйлер бүлінді. Жүздеген көлік су астында қалды.

Бірнеше ауданда жарық сөніп, қаланың инфрақұрылымына зақым келді.

Ел астанасы Анкара мен Ыстамбұл қалаларында нөсер жаңбырдан ағаштар құлап, қозғалыс тоқтап қалды.