Астанада 300 дүкенге өнім тарататын кәсіпкер әйел журналистерге тап беріп, операторды көлікпен қақпақ болған

0
128

​Оқиғаның видеосы «Жетінші арнаның» эфирінде жарияланды.


Астанада 300 дүкенге өнім тарататын кәсіпкер әйел журналистерге тап беріп, операторды көлікпен қақпақ болған

Фото: скриншот

ERNUR.KZ. Астанада самса мен бәліш өндіретін цехтың санитарлық жағдайын түсіруге барған «Жетінші арна» тілшілері оқыс жағдайға тап болды. Түсірілім жұмысына қарсы болған кәсіпкер журналистің қолындағы микрофонды жұлып, телефонын тартып алған. Сондай-ақ камерасын арқалаған операторды көлікпен қағуға дейін оқталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде дәл осы өндіріс орнының санитарлық жағдайына қатысты видео тарады. Жұртшылықтың наразылығынан кейін тілшілер аталған кәсіпорынның жұмысын көріп, мәселенің мән-жайын анықтауға барған. Алайда түсірілім барысында кәсіпкер әйел дау шығарып, жұмыстарына кедергі келтірді.

Бұдан бөлек, «Сені таныстарым тауып алады» деп қоқан-лоқы көрсеткен. Жағдай ушыққан соң оқиға орнына патрульдік полиция да келді. Соған қарамастан цех басшысы түсірілім жасап тұрған операторды көлікпен басуға дейін барған.

Оқиғаның ортасында болған мамандар өндіріс орнына кірмегенін, түсірілім тіпті 200 метр қашықтықта болғанын айтады. Олар бұған дейін де кәсіпкермен байланысып, сұхбат беруді ұсынғанымен, ол бас тартқан.

«Бар жағдайды көрсетіп жарнамадан жаңылғаны аздай, самсаханасы маңында мұншалықты шу шығарып, дүрліккен кәсіпкермен енді сотта кездесетін болдық. Біз түсірілімге дейін Астана қалалық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментіне сауал жолдап, оған тұщымды жауап ала алмаған едік», – дейді тілші өз сюжетінде.