Түркияда жер сілкінісі кезіндегі апатқа кінәлі мердігерлер сотталды

0
864

Зілзала кезінде ғимаратта мәрідегердің ұлы да қаза табуына байланысты оның жаза мерзімі қысқартылды.


Түркияда жер сілкінісі кезіндегі апатқа кінәлі мердігерлер сотталды

Түркияда былтыр жер сілкінісі кезінде жермен-жексен болған ғимараттар құрылысын салған жауапты тұлғаларға қатысты алғашқы сот шешімі шықты, деп жазады 24.kz.

Елдің Шанлыурфа өңірінде 34 адамның өмірін қиған көпқабатты үйдің құрылысын жүргізген мердігер Муслим Деми-рер 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот отырысында баспананың не себепті құлағаны жөнінде сарапшылар есебі тыңдалды. Сотталушының көп пәтерлі тұрғын үйді салу кезінде қолданыстағы нормалар бойынша өз міндеттерін орындамағаны анықталып, кінәлі деп танылды.

Оған бастапқыда 21 жыл 9 ай кесілген. Алайда зілзала кезінде аталмыш ғимаратта мәрідегердің ұлы да қаза табуына байланысты оның жаза мерзімі қысқартылып, 18 жылға қамалды.

Көпқабатты тұрғын үйдің құрылысына жауапты өзге 3 адам бірнеше жыл бұрын қайтыс болыпты.