Түркияда жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін екені айтылды

0
155


Түркияда жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін екені айтылды

фото: видео кадры

Түркия Парламентінің төрағасы Нуман Куртулмуш Ыстамбұлда болуы мүмкін жер сілкінісіне байланысты халықты дайын болуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Куртулмуш жер сілкінісінен зардап шеккендерге көңіл айтты және былай деді:

"Біз Ыстамбұл мен оның маңындағы аймақтарда қатты сезілген жер сілкінісін бастан өткердік".

Ол қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түспегенін атап өтті.

"Бұл жер сілкінісін ауыр салдарсыз еңсеріп, халық ретінде тағы бір үлкен қауіп-қатерді артта қалдырамыз деп үміттенеміз. Алайда, Ыстамбұлда болуы ықтимал жер сілкінісі "босағада тұрған" сияқты. Халқымыз, барлық мекемелер мен ұйымдар дайын болып, мүмкін болатын жер сілкінісін ең аз шығынмен өткеруге тырысуы қажет", – деді Түркия Парламентінің төрағасы.

Еске салайық, Ыстамбұлда 23 сәуірде жергілікті уақыт бойынша 12:49-да жойқын жер сілкінісі болды. Түркияның төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) мәліметінше, жерасты дүмпулері Ыстамбұл, Текирдаг, Ялова, Бурса және Балыкесир провинцияларында сезілген.