Бұл ақпаратты агенттікке Ресей Федерациясының бас консулдығы растаған.
ERNUR.KZ. Түркияның Анталия қаласында орманды өртеді деген күдікпен ресейлік жеті турист ұсталды, - деп жазады Tengrinews.kz.
Бұл ақпаратты агенттікке Ресей Федерациясының бас консулдығы растаған.
"Бас консулдық Түркияның құқық қорғау органдары 23 қазанда Анталия маңында Ликия соқпағы бойымен серуендеп жүрген ресейлік туристерді ұстағанын растайды. Жандармның жергілікті кеңсесінен алынған ақпарат бойынша, Ресейдің жеті азаматы ұсталған. Чагларджа ауданындағы орманды өртеп жіберді деген күдікпен құқық қорғау органдары жергілікті заңнамаға сәйкес аудармашыны тарта отырып, іс бойынша күдіктілер мен куәгерлердің айғағы бойынша хаттама толтырды", - деді Ресейдің дипломатиялық миссиясы өкілі.
Оның айтуынша, сол күні бас консулдық қызметкері жандарм бекетіне барып, Ресей азаматтарының ұсталу себебін анықтаған.
"Ол ұсталғандармен кездесу өткізіп, оларға тағылған айыптың мән-жайын және алдағы сот талқылауының құқықтық аспектілерін түсіндірді. 24 қазанда сот отырысы өтті, оның барысында заң нормаларына сәйкес, ресейліктерге мемлекеттік адвокат ақысыз негізде берілді және білікті аударма қамтамасыз етілді. Адвокаттар өтінішіне қарамастан, сот байқаусызда орманда өрт шығуына себепкер болды деген күдікпен ресейлік туристерді қамауға алуды ұйғарған", - деді дипломат.
Ол Бас консулдық жергілікті билікке ресейлік азаматтардың қамауға алынғаны туралы ресми ақпарат беруді талап етіп, сауал жолдағанын айтты.
"Мәселені бақылауда ұстаймыз және құзыретіміз бен өкілеттігіміз аясында тергеу және сот іс-шаралары кезінде процессуалдық нормалардың сақталуын бақылауды жалғастырамыз", - деді ведомство өкілі агенттікке берген сұхбатында.