Олардың көпшілігі 4 балдан аспайтын ұсақ тербелістер.
Фото: wikimedia
ERNUR.KZ. Эгей теңізінің Түркия мен Грекия шекарасындағы бөлігінде соңғы 10 күнде 938 рет жер дүмпуі тіркелген, деп жазады zakon.kz.
Олардың көпшілігі 4 балдан аспайтын ұсақ тербелістер. Дегенмен кей дүмпулер Измир қаласында сезілген.
Мамандар мұндай тербелістерден кейін жойқын жер сілкінісі болу мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Бұдан бөлек бұл жер қозғалыстары осы маңайдағы жанартауларды да оятуы мүмкін.
Себебі теңіздің бұл бөлігінде 20-дан аса сөнген жанартау бар.
Олардың ең ірісі Санторини аралындағы жанартау оянып, атқылайтын болса, теңізде цунами болу қаупі жоғары.
1925-ші жылы дәл осындай жер дүмпулерінен соң бұл жерде жанартау атқылап, үлкен апат болған.
Қазір сейсмологтар зілзала ошақтарын зерттеп, Түркияға қандай қауіп барын нақтылап жатыр.