​Тынық мұхитында Вануату маңында қуатты жер сілкінісі болды

0
115

Вануату - шамамен 330 мың халқы бар 80 аралдан тұратын мемлекет.


​Тынық мұхитында Вануату маңында қуатты жер сілкінісі болды

Фото: Euronews

ERNUR.KZ. Сейсенбі күні Тынық мұхитының оңтүстігіндегі Вануату жағалауында 7,3 магнитудалық күшті жер сілкінісі болды, деп жазады inform.kz.

Жер сілкінісі Порт-Вила қаласынан батысқа қарай 30 шақырым жерде, 57 шақырым тереңдікте орын алды, одан кейін магнитудасы 5,5 балл жерасты дүмпуі болды.

Арал мемлекеті үшін цунами туралы ескерту жер сілкінісінен екі сағаттан кейін жойылды.
Қираулар туралы мәлімет бар: құлаған ғимараттар, көшкіндер, жабылған жолдар. Әзірге қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы нақты ақпарат жоқ, республика бойынша байланыс үзілген.
Жаңа Зеландия Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Порт-Виладағы АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Жаңа Зеландияның дипломатиялық өкілдіктері орналасқан ғимарат айтарлықтай зақымданған.
Министрлік өкілінің айтуынша, Жаңа Зеландия Жоғарғы комиссиясының қызметкерлері өз жұмысшыларын іздеумен айналысып жатыр.
Тынық мұхитында орналасқан Аустралия мен Жаңа Зеландия билігі өз елдері үшін цунами қаупі жоқ екенін мәлімдеді.
Вануату - шамамен 330 мың халқы бар 80 аралдан тұратын мемлекет.
Осыған дейін АҚШ-тағы Андреян аралдарына жақын жерде жер сілкінгенін хабарлаған болатынбыз.