"Ұйқыдағы ханзада": Сауд Арабияда жол апатынан кейін 20 жыл бойы комада жатқан ханзада көз жұмды

0
124

Оның әкесі ұлының өмірін қолдаушы аппараттардан ажыратуға үзілді-кесілді қарсы болды.


Фото: Ашық дереккөзден
ERNUR.KZ. Сауд Арабияда 20 жыл комада жатып, "Ұйқыдағы ханзада" ретінде танылған Аль-Валид ибн Халед ибн Таляль Аль Сауд оянбастан 36 жасында өмірден өтті, деп жазады Stan.kz.




Оның әкесі, ханзада Халед ибн Таляль ибн Абдулазиз әлеуметтік желідегі парақшасында суық хабармен бөлісті.

Аль-Валид 2005 жылы Лондонда оқып жүрген кезінде жол апатына түсіп, миына қан құйылып, комаға түскен болатын. Содан бері ол Эр-Риядтағы король Абдулазиз атындағы медициналық орталықта жасанды тыныс алу аппаратында, дәрігерлердің бақылауында жатты.

Оның әкесі ұлының өмірін қолдаушы аппараттардан ажыратуға үзілді-кесілді қарсы болды. Жылдар бойы Аль-Валидті емдеуге АҚШ пен Испаниядан келген шетелдік мамандар да атсалысты. Алайда бұл ұзақ әрі қажырлы ем-дом нәтиже бермеді. Ханзада бірнеше жыл комада жатып есін жимастан көз жұмды.