Нақты не себепті қашқаны әзірге белгісіз.
ERNUR.KZ. Украинаның бұрынғы премьер-министрі Арсений Яценюк апыл-ғұпыл заттарын жинап, бала-шағасын алып Украинадан кетіп қалды, деп жазады zakon.kz.
Баспасөзде жүрген ақпаратқа сай, Яценюктің туған-туыстарының барлығы дерлік шетелдің азаматтығын алып алған, әрі Украинаға енді қайтып оралмайды.
Нақты айтқанда, Арсений Петровичтің екі қызы, әпке-қарындастары мен әке-шешесі АҚШ азаматтығын алып қойған, Яценюктің әйелінде Вануату азаматтығы бар.
Арсений Петрович Яценюк – Украинаның саяси және мемлекеттік қайраткері, депутат.