Украина өз атауын өзгертуді көздеп отыр

0
476

Осы идеяны киевтік жазушы әрі философ қайта қозғады. Жаз соңында президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович те осы туралы мәлімдеген болатын.


Украина өз атауын өзгертуді көздеп отыр

ERNUR.KZ. Заманауи Украинаның идеялық-саяси картинасында өзара тығыз байланысты екі тұжырым кеңінен танымал бола бастады. Оның біріншісі Ресейдің оңтүстік-батыс өңірін – Краснодар өлкесі, Белгород, Воронеж және Курск облыстарын меңзейтін "украин жерлерін қайтару" болса, екіншісі ел атауын Русь-Украина деп өзгертуді қамтиды, деп жазды sputnik.kz.

Күні кеше ғана осы идеяны киевтік жазушы әрі философ қайта қозғады. Жаз соңында президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович те осы туралы мәлімдеген болатын. Дәл осы азамат қазанда украин тілін "русь тілі" деп атауды ұсынды. Бірнеше ай бұрын украин саясаттанушысы мен сарапшысы "мәскеуліктер украин халқының тілін, православ дінін, ел атауын тартып алды, енді мұның барлығын қайтаратын уақыт жетті" деген мәлімдеме жасады.

Мұның астарына үңілуге тұрарлық мәселе. Грекия ширек ғасыр бойы өзінің қолында бар барлық тетікті пайдаланып, көрші елдің атауын өзгертуді талап етті. Үш жылға жуық уақыт бұрын мақсатына қол жеткізді – енді ол аймақта Македония емес, Солтүстік Македония бар.

Тарих пен атаудың өз күші бар. Алайда Украинаның, нақтырақ айтсақ, заманауи украин мемлекетінің бұл істе жолы болмады.

Ал моңғол шапқыншылығы оңтүстік-батыс Русьті қиратып, орыс өркениетінің маңызды орталығын ойсыратты.

Соның салдарынан ғасырлар өткеннен кейін бұл территорияға қатысты басқа атаулар қолданыла бастады. Оның қатарында Шағынресей, Жаңаресей және ақырында Украина бар. Алайда оның барлығы Ресейге қатысты бағынысты білдірді.

Украин идеологтары бұл тығырықтан жол тапқандай. Ел тарихындағы соңғы мың жыл өшіріліп, бұл азап, геноцид, отарлық тәуелділік және Ресейдің украиндердің мемлекеттік-тарихи мұрасын иеленіп алу жылдары ретінде теңестірілді.

Сондықтан Украина көп ғасырға созылған құлдырау дәуірінен аттап өтіп, өзіне тиесіліні қайтару үшін көне Киевтің гүлдену және державалық ұлылық кезеңіне баса мән беруде.

Осы мәселенің түйінін шешу үшін ел атауын өзгертіп, сол кездегі украин аумағының бүтіндігін қайтаруға талпыныс жасалып жатыр. Бір қарағанда ақылға қонымсыз болғанымен, осы конструкцияны соншалық мәнсіз деуге келмейді. Себебі тарих барлық уақытта да идеологияландырылған ғылым болып келді. Адамзат баласы тарихты қолдану арқылы жүзеге асырылған талай саяси эксперименттің куәсі болды.

Сондықтан Киев үшін проблема Көне Русьтің басты, яғни жалғыз мұрагері ретінде әлем деңгейінде бекітуде емес. Бар күш-жігерді жұмсаса, кез келген арманды жүзеге асыруға болатыны анық. Бірақ Украинаның басты проблемасы сол идея үшін әрекет етуде болып отыр.