Украинада 22 жасқа дейінгі жігіттерге шетелге шығуға рұқсат берілді

0
98

Бұған дейін кәмелеттік жасқа толған жастар шетелге шыға алмайтын.


Украинада 22 жасқа дейінгі жігіттерге шетелге шығуға рұқсат берілді

Фото: depositphotos.com

ERNUR.KZ. Украинада 18 бен 22 жас аралығындағы ер азаматтар үшін мемлекеттік шекараны кесіп өту туралы жаңа ережелер пайда болды, деп жазады inbusiness.kz.

Жаңашылдық туралы Украинаның премьер-министрі Юлия Свириденко мәлім етті.

"18-22 жас аралығындағы ер азаматтар соғыс болып жатқанына қарамастан, шекараны еш кедергісіз кесіп өте алады. Бұл осы жастағы барлық азаматқа қатысты. Тиісті өзгерістер түрлі себеппен шетелде жүрген азаматтарды да қамтиды", – деді ол.

Ел үкіметінің басшысы жаңа ережелер украиндықтардың туған жерімен байланысын сақтау мақсатында енгіліп отырғанын алға тартты.

Ресей Украинаға басып кіргеннен бері елде соғыс жағдайы енгізілген. Осыған байланысты 18 бен 60 жас аралығындағы ерлерге елден шығуға тыйым салынған болатын.