Қазіргі уақытта босатылған өзбекстандықтар Киев облыстық ауруханасына жатқызылып, тиісті медициналық көмек алып жатыр.
Фото: Украинаның Бас прокуратурасы
ERNUR.KZ. Украинаның Киев облысында еңбек құлдығында болған 13 Өзбекстан азаматы Отанына қайтарылады, деп жазады inform.kz.
Бұған дейін БАҚ беттерінде жарияланған хабарламалардан кейін Өзбекстан елшілігінің қызметкерлері Киев облысына барды. Онда 13 өзбекстандықтың еңбек құлдығында болғаны анықталды. Яғни, Украинада уақытша тұрып жатқан қытайлықтар көршілес елдің азаматтарын мәжбүрлеп, жылыжайдағы түрлі жұмыстарға тартқан.
Қазіргі уақытта босатылған өзбекстандықтар Киев облыстық ауруханасына жатқызылып, тиісті медициналық көмек алып жатыр.
Өзбекстанның Украинадағы елшілігінен мәлім еткендей, азаматтар Отанына қайтарылып, оларға қажетті жәрдем көрсетіледі.
Қоса кетсек, биыл маусымда Өзбекстан Ираннан 30-дан астам азаматын эвакуациялады.
Сонымен қатар Ташкент халықаралық инвестиция форумында сөз сөйлеген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Украинадағы жағдай төңірегінде басталған келіссөздер нәтиже беретініне сенім білдірген еді