6 жыл ішінде мұндай көлемде чартерлер ұшпаған.
ERNUR.KZ. Украина олигархтары мен бизнесмендері чартерлік рейстермен Украинадан кетіп жатыр, тек жексенбі күні Киевтен 20-ға жуық чартерлік және жеке ұшақтар шықты, деп жазады Tengrinews.kz.
Басылымның мәліметінше, 6 жыл ішінде мұндай көлемде чартерлер ұшпаған.
Жексенбі күні Украинадан шыққан чартерлер мен жеке ұшақтардың арасында Ринат Ахметов пен Борис Колесниковтың ұшағы бар.
Колесников порталға берген түсініктемесінде Киевте екенін, ешқайда кетпейтінін айтқан. Оның айтуынша, ұшақ Прагаға техникалық қызмет көрсету үшін ұшқан.
50 адамға арналған жеке ұшаққа оппозициялық депутат, миллионер Игорь Абрамович те тапсырыс берген. Дереккөз бұл ұшақ партия мүшелерінің туыстарын, сондай-ақ Абрамовичтің іскер серіктестерін Киевтен Венаға алып кеткенңн айтқан.