Украинаның мемлекеттік қарызы 151,5 миллиард доллардан асты

0
688

Оның ішінде сыртқы қарыздар үлесі 71,5%-ды құрайды.


Украинаның мемлекеттік қарызы 151,5 миллиард доллардан асты

ERNUR.KZ. Украинаның мемлекеттік қарызы 6 триллион гривеннен асты. Бұл туралы Украинаның қаржы мәселелері жөніндегі Жоғарғы Рада комитетінің басшысы Даниил Гетманцев мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Ел Қаржы министрлігінің мәліметінше, осы жылдың 30 сәуірінде Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз 6 010,4 млрд грн, валюталық баламада - 151,5 млрд доллар құрады, деп атап өтті Гетманцев.

"Сәуірде гривнадағы мемлекеттік қарыз 1,5%-ға (+86,2 млрд грн.), валюталық баламада 0,3%-ға (+0,5 млрд.) өсті. Бір айдағы өсім ішкі нарықтағы қарыз бен Ukraine Facility бағдарламасы арқылы ЕО-дан 1,5 миллиард еуроға транш алумен байланысты", - деп жазады ол өзінің Telegram-арнасында.

Оның айтуынша, сәуір айының соңындағы украин мемлекеттік қарызының құрылымы:
71,5% - сыртқы қарыз, 28,5% - ішкі қарыз (тиісінше 61 және 39% соғысқа дейін);
74,1% - валютадағы қарыз, 25,9% - гривнадағы қарыз (соғысқа дейін 65,1% - 34,9%).

"Соғыс басталғалы бері гривнадағы мемлекеттік қарыз 2,2 есеге жуық (+3,28 трлн грн.), валюталық баламада — 62,4%-ға (+58,2 млрд.) өсті",- деп түйіндейді нардеп.