Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі Риши Сунак Украина президенті Владимир Зеленскиймен алғаш телефон арқылы сөйлесіп, Киевке қолдау көрсетуді жалғастыруға ниетті екенін білдірді.
ERNUR.KZ. Риши Сунак пен Зеленский Ресейге қарсы "экономикалық санкциялар саясатын жалғастыру қажеттілігімен келісті", деп жазады Inbusiness.kz.
"Премьер-министр осы қызметті атқару барысында Ұлыбритания Украинаға қолдау көрсетуді жалғастыратынын айтты", — делінген Ұлыбритания үкіметінің кеңсесінің хабарламасында.
Сонымен қатар, Сунак Зеленскиймен жеке кездесуді асыға күтетінін мәлімдеді.