Үндістанның Баласор қаласына жақын жерде екі жолаушы пойызы мен жүк пойызы соқтығысты.
ERNUR.KZ. Үндістанның Одиша штатында үш пойыздың соқтығысуына электронды бұғаттау жүйесіндегі ақау себеп болған. Бұл туралы NDTV арнасының эфирінде елдің темір жол министрі Ашвини Вайшнав мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
Министрдің айтуынша, 300-ге жуық адамның өмірін қиған қайғылы оқиғаға кінәлілер мен оның себептері анықталды.
"Сұмдық оқиғаның негізгі себебі анықталды... Мен егжей-тегжейлі тоқталғым келмейді. Қорытынды шешім шықсын. Тек негізгі себеп пен кінәлілер анықталғанын айтқым келеді", - деді Вайшнав. Оқиғаның себептерін анықтау ұзаққа созылмады. Бұл туралы Вайшнав бұрын да айтқан.
"Мәселе электронды бұғаттауға қатысты болып отыр. Электрондық бұғаттау кезінде болған өзгеріс апатқа себеп болды. Мұны кім жасады және оның қалай болғаны тиісті тексеруден кейін анықталады", - деп келтіреді телеарна шенеуніктің сөзін.
Үндістанның Баласор қаласына жақын жерде екі жолаушы пойызы мен жүк пойызы соқтығысты.
Жүк пойызының соқтығысуы салдарынан жолаушылар пойызының бірнеше вагоны рельстен шығып, қарсы жолға аударылған. Біраз уақыттан кейін оларға тағы бір жолаушылар пойызы соғылып, соның салдарынан адамдар мінген тағы бірнеше вагон рельстен шығып кеткен.
Соңғы мәліметтер бойынша, оқиға салдарынан 288 адам қаза тауып, 1 мыңнан астам адам жарақат алған.