Шегірткелер елге Пәкістаннан ауып келген көрінеді.
ERNUR.KZ. Үндістан астанасына жақын орналасқан Гуруграм қаласында шегіртке қаптап, шаһар халқын әбігерге салып жатыр, деп хабарлайды Хабар24.
Зиянкестердің көптігі соншалық көшелерде аяқ алып жүру мүмкін емес.
Билік тұрғындардан үйлерінің есік-терезелерін жақсылап жауып, далаға аса қажеттілік болмаса шықпауға кеңес беруде.
Әуежайларда қосымша сақтық шаралары күшейтілген. Ал ақпарат құралдары биыл елдің 7 штатында осыған ұқсас жағдай қалыптасқанын хабарлайды.
Кейбір болжам бойынша шегіртке Үндістанға Пәкістаннан ауып келген көрінеді.