Үндістанның оңтүстігіндегі көшкіннен 41 адам қайтыс болды

0
566

Үндістанның оңтүстігіндегі Керала штатында көшкін жүріп, 40-тан астам адам қаза тапты.


Үндістанның оңтүстігіндегі көшкіннен 41 адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. Төтенше жағдай штаттың солтүстік-шығысындағы Ваянада округінің таулы аймақтарында болды. Нәтижесінде 41 адам қаза тауып, тағы бірнеше ондаған адам зардап шекті, деп жазады inbusiness.kz.

Ресейдің Керала штатындағы құрметті консулы Ратиш Наир ТАСС-пен сөйлескен кезде хабарлағандай, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында шетелдіктер жоқ.

Asianet көшкін болған жерде әскери, құтқарушылар, әуе күштерінің тікұшақтары жұмыс істейтінін атап өтті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны артуы мүмкін.

Штаттың Денсаулық сақтау министрі Вина Джордждың айтуынша, мамандардың оқиға орнына өтуі көшкін аймағындағы көпірдің бұзылуына байланысты қиындай түскен. Жақын арада ТЖ орнына әскери-теңіз күштерінің тобы жіберіледі.