Назарбаевтың ел басқарудағы білімі мен ерен еңбегінің арқасында ғана тәуелсіз Қазақстан қиындықтарды еңсеріп, саяси сахнада толағай табыстарға қол жеткізді.
ERNUR.KZ. Украина Ұлттық педагогикалық ғылымдар академиясының Президенті Василий Кремень Нұрсұлтан Назарбаевтың қуатты Қазақстан құрудағы еңбегін Украина халқы да жоғары бағалайтынын мәлімдеді, деп жазады 24.kz.
Академиктің айтуынша, Назарбаевтың ел басқарудағы білімі мен ерен еңбегінің арқасында ғана тәуелсіз Қазақстан қиындықтарды еңсеріп, саяси сахнада толағай табыстарға қол жеткізді. Алты жыл бойы Украина білім және ғылым министрі қызметін атқарған профессор әрі философия ғылымдарының докторы Кремень Назарбаев «Әлем елдеріне ұлтаралық татулықтың озық үлгісін көрсете білген кемеңгер басшы» деп есептейтінін жеткізді.
Василий Кремень, Украина ұлттық педагогикалық ғылымдар академиясының президенті: – Қазақстанның Тұңғыш Президенті ел басқару қызметіне ең қиын кезде кірісті. Басқа посткеңестік елдерге қарағанда Қазақстанның экономикалық жағдайы да тым ауыр болғанын біз жақсы білеміз. Алайда Нұрсұлтан Әбішұлы қазақ, украин, неміс және өзге ұлт өкілдерінің арасын ушықтырып алмай, татулықта өмір сүрудің тамаша формасын ұсынды. Назарбаевты әлем елдеріне ұлтаралық достықтың озық үлгісін көрсете білген кемеңгер басшы деп бағалауға әбден болады.