Венесуэлада өткен сайлауда Николас Мадуро жеңісе жетті

0
1 003

Ал, президенттікке үміткер оппозиция өкілі Энри Фалькон сайлаудың ресми қорытындысы шықпай тұрып оның нәтижесін мойындамайтынын мәлімдеді.


Венесуэлада өткен сайлауда Николас Мадуро жеңісе жетті

ERNUR.KZ. Венесуэлада жексенбіде өткен сайлауда 68 пайыз дауыспен ел президенті Николас Мадуро жеңісе жетті. Елдің Ұлттық сайлау кеңесінің басшысы Тибисай Лусена мәлімдеуінше Сайлаушылардың 46,01 пайызы қатысқандағы бюллетендердің 92,6 пайызын есептегеннен кейін Николас Мадуро 5 823 718 дауыс, Энри Фалькон - 1 820 552 және Хавьер Бертуччи - 925 мың дауыс жинаған.

Осылайша, Мадуро 2019-2025 жылдары Венесуэланың президенті болады.

Ал, президенттікке үміткер оппозиция өкілі Энри Фалькон сайлаудың ресми қорытындысы шықпай тұрып оның нәтижесін мойындамайтынын мәлімдеді.

"Бұл сайлау процесін мойындамаймыз және заңсыз деп танимыз. Мұны бар жауапкершілігіммен айтамын және ертең елден кетемін", - деп жазыпты Фалькон Twitter желісінде.