Буда мен Пештаның төменгі жағалаулары бейсенбінің кешкі уақытынан бері жабық.
ERNUR.KZ. Бүгін Венгрия астанасында су тасқынының ең жоғары қаупі сақталады деген болжам бар. Буда мен Пештаның төменгі жағалаулары жабылған, деп жазады inform.kz.
Euronews таратқан ақпаратқа сүйенсек, су тасқыны Венгриядағы Дунай өзенінің бойындағы барлық аудандарға әсер еткен.
Аталған өзеннің Германия мен Австриядағы бөлігінде айтарлықтай жауын-шашын тіркелмеген. Соңғы болжам бойынша осы жексенбіде жаңбыр молынан жауады. Десе де, бұл фактор су тасқынына айтарлықтай әсер етпеуге тиіс.
«Болжам бойынша, Дунайдағы судың көтерілуі Москиттен Венгрияның оңтүстік шекарасына дейін жетеді. Будапешттегі судың ең жоғары деңгейі сенбіде болады деп күтілуде», - деді Ұлттық су ресурстары бас басқармасының өкілі Габриэла Шиклош.
Буда мен Пештаның төменгі жағалаулары бейсенбінің кешкі уақытынан бері жабық. Әдетте демалыс күндері көлік қозғалысына шектеу қойылып, тек жаяу жүргіншілер жағалауда серуендей алады. Десе де, бұл демалыста жаяу жүргіншілерге де жағалау жабық болады.