12,6 мыңнан астам үй су астында қалды, 103 құрылыс тасқын судан қирады немесе шайылып кетті, ал 451-і зақымдалды.
Фото: VnExpress
ERNUR.KZ. Вьетнамның орталық провинцияларында ұзаққа созылған нөсер жаңбыр мен қатты су тасқыны салдарынын 37 адам көз жұмды, бес адам хабар-ошарсыз кетті, 78 адам жарақат алды, деп жазады inform.kz.
12,6 мыңнан астам үй су астында қалды, 103 құрылыс тасқын судан қирады немесе шайылып кетті, ал 451-і зақымдалды.
Су тасқыны шамамен 7 900 га ауылшаруашылық алқаптарына да әсер етті, 64 мыңнан астам мал мен құс қырылды, сондай-ақ суару жүйелері мен өзен жағалауларына айтарлықтай зиян келтірді.
Өткен демалыс күндерінен бері Вьетнамның жағалаудағы провинцияларында нөсер жаңбыр жауып, бір күнде рекордтық 1,7 метр жаңбыр жауды, деп жазды VnExpress.
ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енген ежелгі Хойан қаласын да су басты. Жергілікті өзен арнасынан асып, 60 жылдағы ең жоғары деңгейге жеткеннен кейін тұрғындар көшелерде ағаш қайықтармен жүруге мәжбүр болды.


