Ыстанбұлда қарулы ер мен әйел сот ғимаратына шабуыл жасады

0
562

Шабуыл салдарынан 6 адам жарақат алды, оның арасында полицияның үш қызметкері бар.


Ыстанбұлда қарулы ер мен әйел сот ғимаратына шабуыл жасады

ERNUR.KZ. Ыстанбұлда Чағлайан аудандық сот ғимаратының кіреберісіндегі күзет пунктіне қарулы шабуыл жасалды, деп жазады inform.kz.

Бұл туралы Түркияның Ішкі істер министрі Әли Ерликая Х әлеуметтік желісінде хабарлады.

Оның айтуынша, шабуыл жасаған екі адам (ер адам және әйел) өлтірілді.

Шабуыл салдарынан 6 адам жарақат алды, оның арасында полицияның үш қызметкері бар, деп хабарлады министр.

Оқиға жергілікті уақытпен сағат 11:46-да болған, деп нақтылады ведомство басшысы.

Министрдің хабарлауынша, шабуыл жасағандар DHKP/C лаңкестік ұйымының мүшелері болған.