Ыстықкөлге жақын маңдағы шатқалда мұздық құлады

0
701

Нәтижесінде бір қыз аяғын ауыртып, екіншісі аттан құлап, жарақат алған.


Ыстықкөлге жақын маңдағы шатқалда мұздық құлады

Қырғызстан төтенше жағдайлар министрі Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына жақын орналасқан Жууку шатқалында үлкен мұздықтың құлағанын жеткізді. Туристер бұл көріністі видеоға түсіріп алған, деп жазады Stan.kz.

"Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігінің жедел қызметіне Жетісу ауданының Жууку шатқалындағы мұздықтың еруіне байланысты құлағаны туралы ақпарат келіп түсті",- деді баспасөз қызметінің өкілі.

Нәтижесінде бір қыз аяғын ауыртып, екіншісі аттан құлап, жарақат алған.
Жууку шатқалы Қырғызстандағы ең ұзын шатқалдардың бірі. Ол арқылы көптеген туристік маршруттар өтеді.

Әдемі әрі қорқынышты көріністі туристер видеоға түсіріп алған.