​Ыстықта автобус ішінде қалып қойған бала көз жұмды

0
1 365

Балабақша тәрбиешілері де баланың жоқтығын байқамаған


​Ыстықта автобус ішінде қалып қойған бала көз жұмды

иллюстрациялық фото: crimea-news.com

ERNUR.KZ. Қытайда төрт жасар баланы автобустың ішінде ұмытып кетіп өлтіріп алды, деп жазады holanews.kz.

Тянь-Тянь есімді төрт жасар ұл бала Хубэй провинциясында аптап ыстықта жабық автобустың ішінде тұншығып өлді. Сол күні ауа температурасы 30°C болып тұрды, ал шағын автобустың ішіндегі ауа сынап бағанынан әлдеқайда жоғары болатыны белгілі.

Ухань қаласындағы Xingxing балабақшасына автобуспен бір топ бала жеткізіліп тұратын. Тянь автобустың ең артында ұйықтап қалыпты. Жарты күн жұмыс істейтін автобус жүргізушісі ұйықтап жатқан баланы байқамай, автобусты тұраққа қойып кетіп қалған.

Балабақша тәрбиешілері де баланың жоқтығын байқамаған. Бала шыжыған ыстық салонда жеті сағаттан артық болған. Оны тапқан кезде, баланың өліп жатқанын көрді.

Тянь-Тяннің анасы Ву Сюэмэй ұлын балабақшаға таңғы 7:20-да автобусқа отырғызып жіберген. Ал күндізгі сағат төртте оған қайғылы хабарды жеткізді.

Балабақшаның жүргізушісі мен екі тәрбиешіге баланы абайсызда өлтіріп алды деген айып тағылып, тергеу басталып кетті.