Ресей президенті Владимир Путин Украинаның альянсқа кіру мүмкіндігі Ресейдің қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін мәлімдеген.
фото: RIA Novosti/Avrora
ERNUR.KZ. Владимир Зеленский НАТО-дан Украина альянсқа кірмегені үшін өтемақы ретінде уәде етілген әуе қорғаныс жүйелерін талап етті, деп жазады sputnik.kz.
"Ашығын айтқанда, серіктестеріміз біледі: бізге тағы 12-15 жүйе қажет. Бұл шынайы. Ең бастысы, әріптестеріміздің саяси ерік-жігері", - деді ол.
Зеленский Батыс Украинаны НАТО-ға шақырудың мүмкін еместігін мойындағаннан кейін қажетті әуе қорғаныс жүйелерін жеткізуге уәде еткенін айтты.
Ресей президенті Владимир Путин Украинаның альянсқа кіру мүмкіндігі Ресейдің қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін мәлімдеген.