Зеленский Трамппен телефон арқылы сөйлесіп, өте маңызды тақырыпты талқылағанын айтты

0
171


Зеленский Трамппен телефон арқылы сөйлесіп, өте маңызды тақырыпты талқылағанын айтты

Фото: REUTERS/Brian Snyder

ERNUR.KZ. 4 шілде күні Украина президенті Владимир Зеленский мен АҚШ-тың президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті. Зеленский бұл әңгіменің өте маңызды екенін айтты, деп жазады Stan.kz.




Зеленский бұл әңгімесін Трампты және америкалықтарды АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтаудан бастады. Ол Америкаға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіріп, бұл қолдаудың Украина халқына өмірлерін сақтап қалуға және елдің тәуелсіздігін қорғауға сеп болғанын атап өтті.

"Біз Америкамен бірге көп жұмыс атқардық. Қан төгуді тоқтатып, тұрақты және әділетті бейбітшілік орнатуға бағытталған кез келген қадамды қолдаймыз. Украина АҚШ ұсынған бейбіт келісім идеяларын құптайды", — деді Зеленский өзінің X (бұрынғы Twitter) парақшасында.

Зеленский Ресейдің Украинаға қарсы әуе шабуылдары және майдандағы жағдайдан Трамптың хабардар екен және Украинаға назар аударып отырғанына алғыс айтты.

"Біз әуе шабуылынан қорғану мүмкіндіктерін кеңейту жолдарын талқыладық. Тиісті командаларымыз кездесіп, нақты ұсыныстарды қарастыратын болып келістік", — деді ол.

Сондай-ақ, әңгіме барысында қорғаныс саласындағы бірлескен өндіріс мәселелері қозғалды.

"Біз Америкамен бірлесе отырып, дрондар мен басқа да заманауи технологияларды өндіруге дайынбыз. Бұл Украина қауіпсіздігі үшін өте маңызды", — деп қосты Зеленский.

Axios порталы хабарлаған дереккөздерге сүйенсек, Трамп телефон арқылы сөйлесу кезінде Украинаға әскери көмектің тоқтатылғаны туралы мәліметті тексеруге уәде берген. Оның айтуынша, егер шынымен көмек тоқтатылған болса, бұл мәселені анықтап, қажет болған жағдайда әрекет етеді.

"Трамп Украинаға әуе қорғанысы бойынша көмектескісі келетінін және қолдаудың тоқтатылғанын тексеретінін айтты", — деді украин шенеунігі.

Президенттер екі елдің сарапшылары қатысатын жеке кездесу ұйымдастыруға келіскен. Онда қару-жарақ жеткізу және әуе қорғанысын күшейту мәселелері жан-жақты талқыланбақ.