Бұған дейін Трамп егер Украина қақтығысын шешуге көмектесетін болса, Украинаның Жоғарғы радасында сөйлейтінін айтқан болатын.
фото: Sputnik / Стрингер
ERNUR.KZ. Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трампты Украинаға сапармен келуге шақырды. АҚШ-тан №1 борттың келуі Киевті соққылардан қорғауға көмектеседі делінген, деп жазады sputnik.kz.
Бұған дейін Трамп егер Украина қақтығысын шешуге көмектесетін болса, Украинаның Жоғарғы радасында сөйлейтінін айтқан болатын.
"Трамп келсе, бұл бізге пайдалы болар еді. Мен оған қуанышты болатынымызды айттым. Егер АҚШ президенті Трамп Польшаға емес, Украинаға ұшып келсе, онда біз атыс тоқтатайды деп сенуге мүмкіндігіміз бар деп айтуға болады", - деді Зеленский Украинаның LIVE жаңалықтар басылымына.
Трамп 28 желтоқсанда Флоридадағы Мар-а-Лаго резиденциясында Зеленскиймен кездесу өткізді. Екіжақты келіссөздердің қорытындысы бойынша Трамп пен Зеленский еуропалық көшбасшылармен телефон арқылы сөйлесті. Зеленскиймен кездесу алдында Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлескенін айтты.


