Зеленский Украинаның соңғы президенті болуы мүмкін

0
924

Мемлекет басшысы мемлекетпен не істеу керектігін білмейді.


Зеленский Украинаның соңғы президенті болуы мүмкін

ERNUR.KZ. Жоғарғы Рада депутаты Вадим Рабинович Украинаның парламенттік республика болуға жақын қалғанын, ал Владимир Зеленскийдің мемлекеттің соңғы президенті атанатынын мәлімдеді деп жазады kaz.nur.kz.

Саясаткер бір жыл бұрын өткен президенттік сайлауда "халыққа соншама уәде берген" Зеленскийді азаматтардың төрттен үш бөлігі қолдағанын, бірақ олардың көпшілігі бүгінде биліктің іс-әрекеттерінен көңілі қалғанын атап өтті.

Парламентарийдің пікірінше, мемлекет басшысы мемлекетпен не істеу керектігін білмейді. "Зеленскийдің елімізді өркендетуге зор мүмкіндігі болды, бірақ қазір өркендеу көрінбейді.

Мен бір жыл бұрын: "Владимир Зеленский не ең табысты президент болады, не Украинаның соңғы президенті болады. Себебі біз парламенттік республика боламыз", - деген едім. Менің ойымша, бүгінде біз екінші нұсқаға жақынбыз!" - дейді Вадим Рабинович.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Зеленскийдің жұбайы Еленадан коронавирус анықталғанын жазған едік. Кейін оның екіжақты пневмониямен ауруханаға жатқызылғаны хабарланған болатын.

Айта кетейік, COVID-19 Украина басшысы мен оның балаларынан анықталмаған. Олардан алынған тест теріс нәтиже көрсеткен.