Балиге жалғыз демалуға келген әйелдер сақ болуы тиіс.
көрнекілік сурет
Балиде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды. Автокөлік жүргізушілері өз көліктерін танымал такси қызметтерінің түстеріне бояп, туристерді алдайды, - деп жазады Tengritravel.kz.
Индонезия аралының билігі мұндай жүргізушілермен сапарға шығу туристер үшін қауіпті екенін ескертті. Ел билігі, әсіресе, Балиге жалғыз демалуға келген әйелдерге сақ болуды ескертті.
Сонымен қатар ел билігі алдағы президент сайлауына байланысты саяхатшыларға туристер көп жиналатын жерлерде лаңкестік әрекеттердің жоғары қаупі туралы ескертті. Президент сайлауы 14 ақпанға жоспарланған.
"Мұқият болыңыз. Танымал туристік аймақтар террористік актілер алаңына айналуы мүмкін", - делінген ескертуде.
Сондай-ақ олар сайлау қарсаңында саяси митингілер мен наразылық акциялары өтуі мүмкін екенін айтты.
"Наразылық акциялары болған жағдайда жолдар жабылуы мүмкін. Сонымен қатар танымал туристік орындарға кіруге шектеу қойылуы мүмкін. Наразылық акциялары мен демонстрациялардан аулақ болыңыз", - делінген туристерге жолданған үндеуде.