Елдегі туу көрсеткішінің төмендігі осындай болжам жасауға әкеліп отыр.
Фото: РБК Стиль
ERNUR.KZ. Мұны Тохоку университетінің профессоры Хироси Ёсида айтты, деп жазады inbusiness.kz.
Демек, Жапонияда туу деңгейі осылай жалғаса берсе, 2720 жылдың 5 қаңтарына таман елде 14 жасқа толмаған бір ғана бала болуы мүмкін.
Есептеу жұмысы балалар санының жыл сайынғы төмендеуіне негізделіп жасалған.
Жасыратыны жоқ, көп жылдан бері Жапонияда туу көрсеткіші өте жылдам төмендеуде. Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметі бойынша, туу коэффициенті 2023 жылы рекордтық деңгейге (1,20) дейін жеткен. Елде егде жастағы адамдар көбейген.
Мұның негізгі себебінің бірі – некенің азаюы. Демографиялық қиындыққа қарсы тұру үшін жергілікті билік жастарды некеге тұруға шақырып, түрлі шараны қарастырып әлек.