Жапонияда 6,1 балдық жер сілкінісі болды

0
1 627

Жалпы жер асты дүмпулерін 12 префектура тұрғындары сезген.


Жапонияда 6,1 балдық жер сілкінісі болды

ERNUR.KZ. Жапонияның Хоккайдо аралының оңтүстік-шығысында 6,1 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулерін 12 префектураның тұрғындары сезген, деп жазады kaz.nur.kz.

Агенттіктің елдің бас метеорологиялық департаментіне сілтеме жасап хабарлауынша, сенбі, 25 ақпанда Жапонияның ең солтүстігіндегі Хоккайдо аралындағы Кусиро қаласына жақын теңізде магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі тіркелген. Жер асты дүмпуінің ошағы 60 шақырым тереңдікте болған.

Жер сілкінісінен келген шығын, сондай-ақ зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ. Цунами қаупі де жарияланған жоқ. Агенттіктің мәліметінше, ең күшті жер асты дүмпулері Немуро қаласында сезіліп, Жапонияда қабылданған жеті баллдық шкала бойынша бес баллды құраған. Жалпы жер асты дүмпулерін 12 префектура тұрғындары сезген.