Жапонияда артық жұмыс істеуге тыйым салынды

0
1 005

Бұл шара адамдарға өмірдің рақатын сезінуге көбірек мүмкіндік беру үшін жасалып отыр.


Жапонияда артық жұмыс істеуге тыйым салынды

ERNUR.KZ. «Көпшілігі жапондардың еңбекқор халық екенін айтады. Жапонияның еңбек нарығында артық жұмыс істеу дәстүр саналатын. Енді Жапония үкіметі алғаш рет артық жұмыс істеу уақытын ресми түрде қысқарта бастады», - деп жазады ҚазАқпарат huanqiu басылымына сілтеме жасап.

Автордың айтуынша, үлкен буынға қарағанда қазіргі жастар жұмысты бірінші орынға қоймай, көбіне жеке өмірге назар аударатын болған.

«2015 жылы «Дэнцу» компаниясының қызметкері Мацури Такахаси өз өзіне қол жұмсағаннан кейін бүкіл мемлекет бойынша жұмыс уақытын қысқарту қолға алына бастады. 2017 жылы Жапония парламенті ресми түрде жұмыс тәртібін өзгерту туралы жоба қабылдады. Құжатта артық жұмыстың қанша уақытқа созылуына рұқсат берілетініне дейін жазылған. Министрлер шешімімен айына 45 сағат, жылына 360 сағаттан артық жұмыс уақытынан тыс кездері жұмыста отыруға тыйым салынған. Бұл ережелерді бұзған басшылыққа алты айға дейін қамау немесе 300 мың иенге дейін ақшалай айыппұл тағылған. Бұл жапон үкіметі енгізген алғашқы заңды шектеу болды», - деп жазады басылым.

Биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап бұл ереже барлық ірі компанияларға да міндеттелген.

«Бұл шара адамдарға өмірдің рақатын сезінуге көбірек мүмкіндік беру үшін жасалып отыр. Сонымен қатар бұл өзгерістерден бөлек Жапония үкіметі 2017 жылы ақпан айында «сапалы жұма» шарасын қолға алған болатын. Оған сәйкес әр айдың соңғы жұмасында жұмыс уақыты 15:00 аяқталып, қызметкерлерге дүкенге барып өздеріне қажетті дүниелер алуға рұқсат берілген», - делінген ақпаратта.

Статистика деректері көрсеткендей, «сапалы жұмаә енгізілгеннен кейін дүкенде сатып алушылар 70%, ал сатылым 50% өскен.