Жапонияда барлық балабақша тегін болды

0
2 277

Балабақшалар 3 жастан 5 жасқа дейінгі балалар үшін тегін.


Жапонияда барлық балабақша тегін болды

ERNUR.KZ. Жапонияның Жоғарғы палатасы тегін балабақша туралы заң қабылдады. Ол 2019 жылдың қазан айында күшіне енеді, деп жазады Stan.kz.

Құжатқа сәйкес, балабақшалар 3 жастан 5 жасқа дейінгі балалар үшін тегін. Ал, 6 жасында балалар бастауыш мектепке барады.

Сондай-ақ, аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды жоғары сыныптарда және жоғары оқу орындарында тегін оқыту туралы заң қабылданды. Ол 2020 жылдың сәуірінен бастап күшіне енеді.

Айта кету керек, бұл заң жүйелерінің бәрі премьер-министр Синдзо Абэнің үкіметі тарапынан енгізілді. Ол біртіндеп елде тегін білім беру жүйесін енгізуді қолдап, оны өзінің саяси бағдарламасының негізіне айналдырды.