Жапонияда белгісіз дәруменннің кесірінен 2 адам көз жұмды

0
823

Биологиялық белсенді қоспалардың (БАД) өндірушісі – Kobayashi Pharmaceutical фармацевтикалық компаниясы.


Жапонияда белгісіз дәруменннің кесірінен 2 адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Жапонияда ферменттелген қызыл ашытқы мен күріш қосылған тағамдық қоспаны тұтынған екі адам көз жұмды. Одан бөлек 106 науқас ауруханаға жеткізілді, деп жазады inbusiness.kz.

Биологиялық белсенді қоспалардың (БАД) өндірушісі – Kobayashi Pharmaceutical фармацевтикалық компаниясы. Компанияның мәліметінше, Beni-Koji тағамдық қоспасын 3 жыл қатарынан қабылдаған адам бүйрек ауруынан қайтыс болған. Үкімет 6 мыңға жуық өнім түрі барн бұл тағамдық қоспаға шұғыл сараптама жүргізетінін мәлімдеді. Қазірдің өзінде холестерин деңгейін төмендетуге көмектеседі деп жарнамаланған қоспалардың бес түрі кері қайтарылды.

Жапонияның Денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік министрлігі екінші адамның өлімі туралы компанияның тыңдалымы кезінде білді.