Жапонияда COVID-19-ды жылдам анықтауға арналған тест әзірленді

0
615

Ол 30 минут ішінде күрделі қондырғылар мен кәсіби дәрігерлердің қатысуынсыз инфекцияны анықтауға мүмкіндік береді.


Жапонияда COVID-19-ды жылдам анықтауға арналған тест әзірленді

ERNUR.KZ. Жапониялық Shionogi фармацевтика компаниясының мамандары коронавирусты қарапайым әрі жылдам анықтауға арналған тест әзірлеген үш университетпен лицензиялық келісім жасасқаны туралы ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар24.

Жаңа әдістемені Нихон университеті, Гумма университеті және Токио медициналық университетінің бірлескен зерттеушілер тобы әзірлеген.

Тест сілекей сынамасына негізделген. Ол 30 минут ішінде күрделі қондырғылар мен кәсіби дәрігерлердің қатысуынсыз инфекцияны анықтауға мүмкіндік береді.

Shionogi ең алдымен бұл қарапайым тестілеу жүйесін Жапонияға шетелден келген жолаушыларды тексеруге арнағысы келіп отыр.