Жапонияда індетке байланысты жағдай қиындады

0
630

Науқастардың дені 20-40 жас аралығындағы тұрғындар.


Жапонияда індетке байланысты жағдай қиындады

ERNUR.KZ. Жапонияда эпидемиологиялық ахуал қайта ушықты. Қазір ел астанасы Токиода күніне екі жүздей адамнан инфекция анықталады, деп жазады 24.kz.

Шаһар басшылығының мәліметінше, науқастардың дені 20-40 жас аралығындағы тұрғындар. Жергілікті билік қойылымдарға барған көрермендерді коронавирусқа тест тапсыруға шақырып отыр.

Осы уақытқа дейін Жапонияда 22 мың адам вирус жұқтырып, 1 мыңға жуығы қайтыс болды.