Жапонияда тайфун салдарынан 20 адам жарақат алып, 930 мың үй жарықсыз қалды

0
843

Дүлей дауылдың кесірінен бірнеше рейс кейінге шегерілді.


Жапонияда тайфун салдарынан 20 адам жарақат алып, 930 мың үй жарықсыз қалды

ERNUR.KZ. Ел астанасында мектептерде сабақ тоқтатылды. 930 мың үй жарықсыз қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Токиоға жақын орналасқан Тиба әкімшілігінде жауын селдетіп, кемінде 20 адам зардап шекті.

Биылдыққа осымен 15-рет көтерілген «Факсай» тайфуны таң ата сағатына 25 шақырым жылдамдықпен Нарита қаласына жылжыды.

Ал ол жерде Токионың басты халықаралық әуежайы орналасқан. Дүлей дауылдың кесірінен бірнеше рейс кейінге шегерілді.

Жапонияның басты метеорологиялық агенттігінің хабарлауынша, тайфунның орталығындағы қысым 960 гектопаскальді көрсеткен. «Факсай» Жапонияның солтүстік-шығысынан Тынық мұхитына қарай бет алып барады.