Жапонияда осы апта соңында басталатын бес күндік мерекелік демалыс кезінде тайфун жақындауы мүмкін.
Image credit: Kyodo
ERNUR.KZ. Жапония метеорологиялық агенттігі сәрсенбіде Тынық мұхитындағы Мариана аралдарының маңында «Дуцзюань» тайфунының пайда болғанын хабарлады, деп жазады inform.kz.
Жапония уақытымен бейсенбі таңертең «Дуцзюань» тайфуны солтүстік-солтүстік-шығыс бағытында сағатына 20 шақырым жылдамдықпен қозғалып жатқан. Оның орталығындағы атмосфералық қысым 996 гектопаскаль болды.
Алдағы демалыс күндеріне қоса, Жапонияда келесі аптада бірнеше мемлекеттік мереке қатарынан атап өтіледі. Демалыс кезеңі сәрсенбі, 23 қыркүйектегі Күзгі күн мен түннің теңелу күнімен аяқталады.


