Жапонияға тағы екі тайфун жақындап келеді

0
974

Өткен аптада Жапония жарты ғасырда бір болатын ең қатты «Хагибис» тайфунынан зардап шегіп, 80 адам қаза тапқан болатын.


Жапонияға тағы екі тайфун жақындап келеді

ERNUR.KZ. 22 қазан күні таңертең Жапония жағалауына «Неогури» тайфуны келіп жетеді, ал 26 қазанға қараған түні елдің шығыс жағалауына «Буалой» дауылы соққы береді деп күтілуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы korrespondent.net Жапонияның ауа райы басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

Бір маусымдағы жиырмасыншы «Неогури» тайфуны 22 қазанда таңертең Токионың оңтүстік-батыс жағалауына келіп жетеді. Желдің екпіні секундына 45 метр болуы мүмкін.

Оңтүстіктен тағы бір «Буалой» тайфуны 26 қазанға қараған түні Жапонияның шығыс жағалауына жетеді, оның жылдамдығы секундына 50 метрге жетуі мүмкін деп күтілуде.

Айта кетсек, өткен аптада Жапонияның орталық облыстары жарты ғасырда бір болатын ең қатты «Хагибис» тайфунынан зардап шегіп, 80 адам қаза тапқан болатын.