27 жастағы жігіт пен зейнет жасындағы әйел кісі сөзге келіп қалған.
ERNUR.KZ. Мәскеуде жас жігіт егде жастағы әйелді соққыға жығып, артынша автобус астына итеріп жіберді. Оқиға Киевский вокзалы маңында болған, деп жазады Stan.kz.
27 жастағы жігіт пен зейнет жасындағы әйел кісі сөзге келіп қалған. Ашулы жігіт әйелді ұрып, тепкінің астына алған. Әйел жүріп бара жатқан автобустың астына түсіп кетеді. Нәтижесінде, ол көз жұмған.
“Автобус көлігінің бейнекамерасына әйелді тепкілеп жатқан жігіттің қылығы анық түсіп қалған. Ол қазір жасаған қылмысын мойындады”, – дейді тергеу комитеті басшысының орынбасары Юлия Иванова.
Қазіргі таңда жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалды.