Жасөспірім сыныптас қыздарының жалаңаш суреттерін жасанды интеллект көмегімен жасады деген күдікке ілінді

0
102

Қылмыс туралы алғаш рет жәбірленуші қыздардың бірі білген.


Жасөспірім сыныптас қыздарының жалаңаш суреттерін жасанды интеллект көмегімен жасады деген күдікке ілінді

Фото: pixabay.com
ERNUR.KZ. Испаниядағы Валенсия қаласының 17 жастағы тұрғыны жасанды интеллект көмегімен сыныптас қыздардың жалаңаш бейнесі бар фото және видеоларды жасаған деген күдікке ілінді, деп жазады Stan.kz.

Тергеу мәліметінше, жасөспірім жасанды интеллект көмегімен мектеп оқушыларының фейк контентін жасап, оны интернетте сатпақ болған. Қазірдің өзінде 15 қыз бұл әрекетке шағым түсіріп отыр.

Қылмыс туралы алғаш рет жәбірленуші қыздардың бірі білген. Ол желіден өзінің бейнесі бар видео көріп, артынша тағы бір аккаунтта дәл сондай дипфейкке тап болған. Қыз дереу полицияға жүгінген.

Тергеу барысында құқық қорғаушылар IP-мекенжайларды анықтап, екі аккаунт та бір электронды поштаға тіркелгенін анықтаған. Ол пошта күдіктіге тиесілі болып шықты. Полицейлер жәбірленушілердің сыныптастарын тексеріп, дипфейк жасаған оқушыны тапты.

Қазір бұл іс кәмелетке толмағандарды азғыру бабымен қозғалып, 2024 жылдың желтоқсан айынан бері кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі соттың бақылауында тергеліп жатыр.