Жер Күнге барынша жақындады

0
1 399

Планетамыз Күнді 365 күн 6 сағат 9 минут 10 секундта айналып шығады.


Жер Күнге барынша жақындады

ERNUR.KZ. Бүгін, 5 қаңтарда Күн мен ғаламшарымыздың ара қашықтығы ең төменгі көрсеткіште, соның нәтижесінде Күннің дискі телескопта шілдеде планеталар бір-бірінен барынша алшақтаған сәттегіден 3% үлкен көрініп тұр. Бұл туралы жексенбі күні Мәскеудегі планетарий қызметкері Людмила Кошман мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Жексенбі, 5 қаңтарда ғаламшарымыз перигелийде – жылына бір рет қайталанатын Күнге ең жақын нүктесінде болады. Жер ол тұстан қаңтардың басында өтеді, ол 147 млн шақырымды құрайды. Ең алыс нүктесінен – афелийден шілденің басында өтіп, Күннен 152 млн шақырым қашықтықта болады. Күн диаметрі бұрыштық градуспен өлшенеді. Афелий мен перигелийдегі күн дискісінің диаметрі арасындағы айырмашылық көзге көрінбейді, өйткені Күн дискісі жарты жылда біркелкі жүреді. Дегенмен, оларды салыстырар болсақ, күн дискісінің диаметрі қаңтарда 3% үлкен болады», - деп түсіндірді астроном.

Сондай-ақ, ол Жердегі жыл мезгілдерінің ауысуы Жердің Күннен қашықтығына емес, Жердің өз осін айналуына байланысты екенін еске салады.

Планетамыз Күнді 365 күн 6 сағат 9 минут 10 секундта айналып шығады.