Рейс 19 сағат 14 минут бойы жерге бір қонбастан, Нью-Йорк қаласынан Сиднейге ұшып барған.
ERNUR.KZ. Аустралиядағы Qantas әуе компаниясына тиесілі Boeing 787-9 лайнері әуеде ең ұзақ авиарейсті орындады, деп жазады ҚазАқпарат.
Рейс 19 сағат 14 минут бойы жерге бір қонбастан, Нью-Йорк қаласынан Сиднейге ұшып барған. 16 мың 309 шақырымды еңсерген ұшақ 37 минутқа кешіккен.
Бұған дейінгі рекорд Нью-Йорк-Сингапур рейсіне тиесілі еді. Сол кезде ұшақ 18 сағат 50 минут бойы әуеде болған.