Жетістік туралы видео Guinness World Records ұйымының TikTok-тағы ресми парақшасында жарияланған.
Фото: Oxu.Az
ERNUR.KZ. Британиялық Джошуа Сандерс сүйісу саны бойынша Гиннес рекордын орнатып, сүйіктісін 30 секунд ішінде 146 рет сүйді, деп жазады Stan.kz.
Британиялық журналист Джошуа Сандерс пен оның серіктесі Дженни Трой сүйісу саны бойынша Гиннес рекордын орнатты.
Жетістік туралы видео Guinness World Records ұйымының TikTok-тағы ресми парақшасында жарияланған. Видеода рекорд орнату үшін жұп ұйымның Суиндон қаласындағы штаб-пәтеріне арнайы барғаны айтылған.
Постта кейбір сүйісулер жалпы саннан алынып тасталғаны да көрсетілген. Себебі қатысушы келесі сүйіске дейін серіктесінің бетінен толық ажырамаған сәттер болған.
Guinness World Records әлеуметтік желі қолданушыларынан 30 секундта 146 реттен жылдам сүйе ала ма деген сауал тастады. Ал Сандерс өз рекордының жаңартылғанын қалайтынын айтып, үміткерлерді өтініш беруге шақырды.
Айта кетейік, ал ең ұзақ сүйісу бойынша әлемдік рекорд таиландтық ерлі-зайыптыларға тиесілі. 2013 жылы Ғашықтар күніне орай өткен байқауда Эккачай мен Лаксана Тиранараттың сүйісуі шамамен екі жарым тәулікке созылған. Байқау шарты бойынша олар еріндерін бір сәтке де ажыратпауы керек болған, тіпті дәретханаға да бірге баруға мәжбүр болған.


