Көлік салонында 20 адам болған.
ERNUR.KZ. Ресейдің Санкт-Петербург қаласында жолаушылары бар автобус көпірдің қоршауын бұзып, өзенге құлаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Сол елдің Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, автобустың ішінде жиырмашақты жолаушы болған. Оқиға орнында 70 құтқарушы, 18 техника адамдарды іздеп жатыр. Әзірге, бір адам көз жұмып, 5 адам аураханаға түскені белгілі.
Видеода көрініп тұрғандай, автобус жүргізушісі өзенге құламас бұрын, жолындағы екі көлікке соғып, жайпап өткен.