Жолдан ұшып кеткен көлік аялдамада тұрған әйелді мерт қылды (видео)

0
1 065

Жүргізушінің өзі аман қалған.


Жолдан ұшып кеткен көлік аялдамада тұрған әйелді мерт қылды (видео)

ERNUR.KZ. Үндістанда орын алған сұмдық жол апаты жергілікті видеобақылау камераларына түсіп қалған, деп жазады Stan.kz.

Жеңіл көлік жүргізушісі көпірмен келе жатып, көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Жүргізуші көлік жылдамдығын шамадан тыс асырып жіберген көрінеді: арқалық көпір бойымен келе жатқанда 44 км/сағ жылдамдықты ұстану шарт, алайда жол апатының себебіне айнлаған автокөліктің жүргізушісі темір тұлпардың жылдамдығын 104 км/сағ дейін жеткізген. Нәтижесінде, көлік жолда тұрған қоршаудан трамплин секілді секіріп, ұшып барып, автобус күтіп тұрған адамдарға соғылған.

Аялдамада тұрған кейбір адамдар көліктің жақындағанын көріп қашып үлгеріпті. Жол-көлік оқиғасының салдарынан үш адам жарақат алып, бір әйел қаза тапты.

Жүргізушінің өзі аман қалған, қазір оның үстіне қылмыстық іс қозғалыпты.